Щучинск тұрғынынан 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді
Щучинск тұрғынынан 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері браконьерлік фактілерін болдырмау және жолын кесуге, сондай-ақ балық және балық ресурстарын заңсыз өндірумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
27 тамызда таңғы сағат 07:30-да Біржан сал ауданының рейдтік іс-шараларын өткізу кезінде Жүкей су қоймасының жанында Щучинск – Степняк – Уәлиханов автожолында Щучинск қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруымен LADA Granta автокөлігі тоқтатылды. Көліктің ішін тексеру кезінде 100 келі тұқы тұқымдас балық, 7 келі мөңке балық тұқымдас балық, резеңке қайық, 4 дана қытай өндірісінің торлары табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 6-тармағы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сонымен қатар, 24 тамызда Целиноград ауданының Қос Қопа аңшылық шаруашылығы аумағында полиция қызметкерлері Нұра өзенінде балық аулауға тыйым салынған заттарды орнатып жатқан 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Сол күні Бурабай ауданының ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері өңірдің көлдері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады.