Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Щучинскте бала ойын алаңында жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 17 тамызында Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жасар бала қоршаудан шығып тұрған темірден жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру