Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының су басқан аймақтарында полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр

Ақмола облысындағы су басқан аймақтарда 300-ге жуық полиция қызметкері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласында жағдай күрделі. Қылшақты өзенінің арнасынан тасуына байланысты вокзал маңындағы аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен объектілер су астында қалды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өңірдің автожолдарында су басу қаупі бар 100-ден астам орын бар. Олардың әрқайсысы полицияның бақылауында.

Бүгінгі таңда қауіпті жол учаскелерінде 300-ге жуық полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қадағалап қана қоймай, арнайы техниканың өтуін қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру