ШҚО бойынша қауіпсіздігі жоғары мекемесінде саптық байқау өткізілді
ШҚО бойынша қауіпсіздігі жоғары мекемесінде саптық байқау өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша қауіпсіздігі жоғары мекемесінде тәрбие жұмысы бойынша мекеме бастығының орынбасары мен кадр саясаты қызметкерлерінің қатысуымен ҚАЖ қызметкерлерінің жеке құрамын қарау және олардың жеке көліктерін тексеру мақсатында саптық байқау өтті.
Іс-шараны өткізу барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік куәліктері мен жеке жетондарының болуы, сондай-ақ әрбір автомобильдің техникалық жай-күйін қосымша жиынтықталуы тексерілді, сондай-ақ керек-жарақтарымен: алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жол дәріханашығы, өрт сөндіргіштердің, сондай-ақ авариялық тоқтау белгілерінің болуына және сыртқы келбетке ерекше назар аударылды. Көліктер сырт жағынан да, салонның ішінен де таза болуы керек еді.
– Саптық байқауларды өткізу – жол жүру кезінде құқық бұзушылықтарды анықтауға және де киім үлгісін сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар көлік құралдары бойынша туындаған бұзушылықтарды анықтау, оларды жою шараларын дер кезінде қабылдау, сондай-ақ саптық мәдениет пен дағдыны арттыруға, тәртіп пен тазалықты нығайтуға, соның ішінде жол жүру кезінде де заңдылықты сақтауға ықпал етеді, – деп ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесі бастығының орынбасары Кәдірхан Хамзин атап өтті.
Сондай-ақ, ол саптық байқау тәртіп пен орындаушылықты сақтауға ықпал ететінін және де бұл жеке құрамды тез әрі нақты дайындықта ұстауға, бірлескен іс-қимылдарға дайындаудың негізі екенін атап өтті. Саптық жаттығулар арнайы дайындық, атыс және басқа да оқу пәндері бойынша сабақтарда қажетті дағдыларды игеруге ықпал етеді деп өз ойын түйіндеді.