Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен пробация қызметінің еріктілері қайырымдылық акциясына қатысты

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен пробация қызметінің еріктілері қан доноры болып қана қоймай, қайырымдылық акциясына да қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен пробация қызметінің еріктілері Семей қаласының қан орталығында қан тапсырып қана қоймай, облыстың қоғамдық қорларының бірі өткізетін қайырымдылық акциясына қатысты. Сонымен, барлық қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін олар қажетті және міндетті медициналық тексерісінен өтіп, қан тапсырды. Содан соң олар ақшалай қайырымдылық жинауға арналған қораптарға ақша салды.

Бұған дейін пробация қызметі есепке алынған адамдар арасында осы қайырымдылық акциясына қатысу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижелері бойынша қан тапсыруға ғана емес, басқа да игі істерге қатысуға келіскен осы миссияға ең лайықты үш волонтер қатысты.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үнемі қан тапсыратындар аз емес. Осы акциямен біз азаматтық тұрғындарды да тартқымыз келді. Бұл бір реттік акция ғана емес, адамдардың дүниетанымын түбегейлі өзгертетін және олардың көмегінің маңыздылығын сезінуге көмектесетін өмір салтының пайда болуы екеніне сенімдімін. Қоғамда мұндай адамдарды филантроптар, мұқтаж адамдарға көмектесетін адамдар деп атайды. Адамдар түрлі себептер бойынша филантроптарға айналады: біреу – тарихта өз есімін мәңгі жасағысы келеді, ал біреулері – адамдарға пайдалы болып, көмектескісі келеді, – деп пробация қызметі бөлімінің бастығы Эрик Усербаев атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру