Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД “Есірткіге жол жоқ!” челленджін қабылдады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті “Есірткіге  жол жоқ!” челленджін қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Жас Отан жастар қанаты мүшелерінің, ШҚТУ студенттерінің, мектеп оқушыларының және Өскемен қаласының полицейлерінің қатысуымен бүгінгі күні кеңінен таралған есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сату бойынша интернет сайттарды жарнамалайтын граффити суреттерін бояу бойынша профилактикалық іс-шараларын өткізді.

Бүгінгі таңда психотроптық заттарды сатудың байланыссыз схемасы тұрғын үйлердің қабырғаларына және басқа да қоғамдық орындарға есірткі граффити суреттерін салу арқылы олардың жарнамасы мен насихатының дамуына әкелді.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 10 айында ШҚО полицейлері есірткі жарнамасымен 100-ден астам түрлі граффитиді жойды.

Осыған байланысты құқықтық тәртіп сақшылары есірткі жарнамасы бар граффитиді немесе оны салумен айналысатын адамдарды анықтаған кезде 102 жедел арнасына немесе 26-42-76 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Бұл челлендж Ақмола облысының полициясына берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру