Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 13 жастағы жасөспірім анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған

ШҚО-да 13 жастағы жасөспірім анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр күні таңғы сағат 09:00-де Глубокое ауданының полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, 13 жастағы баласының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Анасының айтуынша, ұлы 27 мамыр күні сағат 20:30 шамасында үйден шығып кетіп, оралмаған.

Барлық жеке құрам дереу дабыл бойынша көтеріліп, кәмелетке толмағанды іздеу жұмыстарына жұмылдырылды, оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары баланың баруы мүмкін барлық жерлерді пысықтап, көшелерді аралап, әр аула мен қараусыз қалған үйлерді қарап, жасөспірімнің туыстары мен жақындарын тексерді.

Жедел-іздестіру шаралары оң нәтиже берді. Анықталғандай, жасөспірім бір күн бұрын көрші баламен ұрсысып қалған, сондықтан анасы көрші баладан кешірім сұрау үшін ұлын көршінің үйіне жіберген. Алайда татуласудың орнына ата-анасына өкпелеген жеткіншек анасының өтінішін елемей, ешкімге ескертпестен туыстарына түнеуге кетіп қалған. Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оны үйіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру