Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті

Шымкентте Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26-28 мамыр аралығында “Динамо” дене шынықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кубогы үшін шағын футболдан жарыс өткізілді.

Аталған шара Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Басты мақсат – спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ету, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ. Дәлбеков жарысты ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынға жалпы 10 команда қатысты. Оның ішінде үздіктер қатарында бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, екінші орынды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ал үшінші орын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы иеленді.

Сондай-ақ, ойын барысында Бас прокуратураның қызметкері Қуаныш Зұлқашев үздік қақпашы, ал үздік шабуылшы – Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Қанат Иманов атанды. Жарыс соңында барлық жеңімпаздар арнайы кубоктармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру