ШҚО-да 29 жастағы аудан тұрғыны жалған вакцинация паспортын пайдаланды
Бородулиха ауданының тұрғыны жалған вакцинация паспортын пайдаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Бородулиха АПБ Криминалдық полиция қызметкерлері короновирустық инфекциядан вакцинация алғаны туралы жалған электрондық паспортты пайдалану фактісін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөліміне 29 жастағы аудан тұрғыны жеткізілді.
- Көрсетілген құқыққа қарсы әрекеттер ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес-көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланады, - ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.