Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 60 келіден астам балықты заңсыз аулаған ауыл тұрғыны анықталды

ШҚО-да 60 келіден астам балықты заңсыз аулаған ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күршім аудандық ПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Бұқтырма су қоймасы учаскелерінің бірінде ауданның 54 жастағы тұрғыны қандай да бір тиісті құжаттарсыз ауды қолдана отырып балық аулаған.

Оқиға орнын тексеру барысында жалпы салмағы 63,4 келі балық, ұсталған адамға тиесілі тіркемесі бар Урал мотоциклі, 3 метр синтетикалық ау және темір лом тәркіленді.

Тәркіленген балықтар 6,8 келі көксерке, 39,6 келі шортан, 12,8 келі табан, 4,2 келі мөңке Күршім ауданындағы балық зауытына тапсырылды.

Келтірген жалпы залал шамамен 310 мың теңгені құрады.

Жауап алу барысында ер адам бір күн бұрын балық аулау мақсатында су қоймасына барып, 4 тесік жасап, торларды қойып кеткен. Келесі күні торды тексеруге барғанда, полицейлердің қолына түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру