Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады

Шығыс Қазақстан облысында әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 наурыз сағат 11:30-да Риддер қ. полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан қоңырауы келіп түсті. Ол ЖШС-нің бірінің микроқаржы ұйымының кеңсесін тоналғаны туралы хабарлады. Оның үстіне жәбірленуші ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлаған қаскөй әйел адам болды деп сендірді.

Оқиға орнына дереу Риддер қ. ПБ тергеу-жедел тобы, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық қызметкерлері жедел жіберілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жәбірленушілер мен куәгерлердің бұл қыз екенін мәлімдеп, жақын маңдағы тұрғын үйлердің аулалары арқылы қашып кеткенін ізін суытқан. Алайда, бір сағат ішінде жедел уәкілдер күдікті азаматты анықтап, ұстады. Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем көптен бері Риддер қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуылды жоспарлағаны анықталды.

Әйелдер киімін киіп алып, капюшоны бар ақ түсті әйелдер күртешесі, өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі, қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска киіп алған қаскүнем танымастай өзгерді. Ол кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. g3g2 :

    Ізін суытпай тез тапты, жарайсыздар✊

  2. sam007001 :

    Жарайсыңдар!

  3. ne93 :

    👍👏

Жауап қалдыру