Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көп пәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы жұмыс істегені анықталды

Алматыда көп пәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы жұмыс істегені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны 27 жастағы алматылық ұйымдастырды. “Іскер адам” көрші үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісін бастады. Ол дайын өнімді көтерме де, бөлшектеп те сатты.

– Арнайы іс-шараны біздің бөлімнің қызметкерлері арнайы бөлім сарбаздарының және арнайы дайындалған қызметтік-іздестіру итімен кинологпен бірге өткізді. Ш.есімді азаматтың негізгі тұрғылықты жерінің жанында орналасқан жалдамалы пәтерінде рұқсат етілген тінту кезінде “мефедрон” синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттер мен жабдықтар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психоактивті заттарға жататынын растады. Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру