Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны пробация қызметкеріне алғыс айтты

Ақтөбе облысының тұрғыны жоғалған малын қолды қылған ұрыны ұстап берген пробация қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының тұрғыны Қуанышбай Кенжебаев, жоғалған малын қолды қылған ұрыны полицейлерге ұстап берген Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз ауданының пробация қызметкерлері Есет Әбдіразақов пен Бақдаулет Байдилдинге алғысын білдірді.

Ауыл тұрғынының айтуынша, пробация қызметкерлері түн мезгілінде ауыл-аймақты аралап, есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру барысында, ауыл шетімен мал иесінің жоғалған бір бас туша малын қоларбаға салып, әкетіп бара жатқан ұрыны анықтап, полиция бөліміне жеткізген.

– Менің малымды қолды қылған азаматты ұстап қана қоймай, басқа да ауыл тұрғындарын осындай қайталануы мүмкін жағдайдың алдын алған Ақтөбе облысының пробация қызметкерлері Есет пен Бақдаулетке рахмет айта отырып, құқық қорғау қызметкерлерімен бірге ауыл тыныштығын сақтауға қолдау көрсетіп келетін осындай жақсы азаматтардың қызметте адал болуларына дұрыс бағыт-бағдар беріп келетін Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығына да ерекше алғысымды айтамын, – дейді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру