ШҚО-да алаяқ әйел адамға жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткен
ШҚО-да алаяқ әйел адамға жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлан ПБ-ға алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінген. Жәбірленуші өткен жылдың желтоқсан айында бір азамат жүргізуші куәлігін дайындауға көмек көрсету сылтауымен оның 55 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлаған. Бірақ өтініш беруші уәде етілген қызметті де ақшаны да қайтара алған жоқ.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 25 жастағы күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде ол кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында күдіктінің теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәлігін алуды ұсынғаны анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.