Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсетіліп жатыр

ШҚО-да есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға отын көмір жеткізіліп берілді.

Пробация қызметкерлері «Антарес» қоғамдық қорымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың отбасы жағдайы, мінез құлқы өмірге деген көз қарасы зерделеніп зертеліп, оларға тиісінше, ҚР-ның 30 желтоқсаны 2016 жылы пробация қызметі туралы қабылданған «Пробация» заңы аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін отын, көмір беріліп жатыр.

– Есепте тұрған сотталғандардың арасынан өмірлік қиын жағдайда тұрған, көпбалалы жанұяларға, үй жалдап тұрып жатқан еспетегі тұлғаларға «Антарес» қоғамдық қорымен бірлесіп отын, көмір ұсынылды. Пробация қызметінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарға құқықтық әлеуметтік көмек түрлерін көрсете отырып олардың түзеліп, еліміздің толыққанды азаматы болып шығуларына жәрдемдесу болып табылады. Пробация қызметі бұл бағыттағы жұмыстарды келешекте де жалғастыра отырып өмірде аяғын шалыс басып қателескен азаматтарды қоғамға бейімдеу, тәрбиелеу олардың түзелу жолына тұруына ықпал ету сияқты жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді Серикжан Қалтымақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру