ШҚО-да кезекті қару-жарақ арсеналы тәркіленді
ШҚО-да кезекті қару-жарақ арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО полициясы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өткізіліп жатқан “Учаске”республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз айналымнан атыс қаруын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Ведомствода хабарлағандай, бұл жолы Риддер қаласының 46 жастағы тұрғынының үйінен келіп түскен ақпаратты тексеру кезінде тәркіленді: дыбыс тұншықтырғышы бар 9 мм калибрлі қолдан жасалған жауынгерлік тапанша; “Макаров” тапаншасынан 9 мм калибрлі 23 патроны; 7,62 мм калибрлі Калашников автоматы және 72 патрон; “ППШ” атысты имитациялайтын автомат; “ТТ” маркалы атысты имитациялайтын тапанша; атысты имитациялайтын ”Тирэкс” маркалы тапанша-пулемет; Ф-1 оқу гранатасы, сондай-ақ пневматикалық қарудың екі бірлігі.
Жауынгерлік қарумен қатар, ер адамнан алынған атысты имитациялайтын қару-жарақ атыс қаруы ретінде қайта жасалып, заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі атап өтілді.
Қазір тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.