Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Белоусовка кентінің маңында қызмет өткеруге нарядка түскен. Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында жылдамдық шегін асырған Mercedes көлігіне назар аударған. Полицейлер 26 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы көлікті тоқтатқан, одан әңгімелесу кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан.

Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберіліп, оған «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болу диагнозы қойылған. Сондай-ақ, тексеру барысында ер адамның өткен жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық бұзушыға бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, не бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру