Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да колония қызметкерлері сарбаздарға жеке қару табыстау салтанатына  қатысты

ШҚО-да колония қызметкерлері сарбаздарға жеке қару табыстау салтанатына  қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелері мен Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы қызметтерінің өзара іс-қимылы шеңберінде қатаң режимдегі колониялардың қызметкерлері 2/2021 жылғы әскери шақырылымның жас сарбаздарына жеке қаруды салтанатты түрде табыс ету іс-шарасына қатысты.

Қару-жарақты әскери қызметшілерге бекіту, оларды әскери антқа келтіргеннен кейін ұйымдастырылды. Жеке құрамға жеке қаруды тапсырғанға дейін олармен қарудың жауынгерлік мүмкіндігі, сондай-ақ қару-жарақпен жасалатын іс-қимылдар қауіпсіздігінің талаптарын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді. Бүгін әскери бөлімнің барлық офицерлері мен ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінің өкілдері плацқа тұрғызылды.

– Әскери қызметшінің басты міндеті – өзіне сеніп тапсырылған қаруды Қазақстан Республикасын қорғау үшін жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстау. Өйткені қарудың сапалы жұмысы оның жарамдылығына байланысты болады. Барлық әскери қызметшілерге Отан алдындағы қасиетті борыштарын абыроймен атқаруын тілеймін, – деді  №5511 әскери бөлімінің командирі Болатбек Құлыбаев.

– 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері объектілерді күзетуді ғана емес, сондай-ақ колонияларда ұсталатын адамдарды, олардың орналасу және жұмыс орындарында қадағалауды жүзеге асырады. Күн сайын бақылаушылар жасақтары сотталғандар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кеседі және ескертеді. Жасақ бақылаушылары үшін маңызды дағдылардың бірі – қаруды қолдана алу. Жеке өз атымнан және мекеме ұжымынан әскери қызметшілерді атаулы күнмен құттықтаймын, өйткені жеке қаруға ие болу – үлкен жауапкершілік және үлкен құрмет, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру