Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да колонияға 8 литрдей алкогольді лақтырмақ болған ер адам ұсталды

ШҚО-да колонияға сегіз литрдей алкогольді лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеменің іргелес аумағындағы қауіпсіздігі жоғары мекеменің қызметкерлері сегіз литрге жуық алкогольді ішімдікті жасырып лақтыруға тырысқан ер адамды ұстады. Ащы сусын 5 пластикалық бөтелкеге құйылып дайындалған.
Түн ортасына таяу түзеу мекемесімен жүріп келе жатқан ер адам скотчпен мықтап оралған пластикалық бөтелкелерді темір тордан асырып лақтырмақ болған. Сараптама қорытындысы бойынша пластикалық бөтелкедегі сұйықтықтың алкогольді спирт екенін анықталды.
Күдікті «сәлемдеме» сотталғандарға арналғанын растады. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды ОВ 156/2 мекемесінің аумағына беру тәркіленді.
– Қазіргі уақытта ұсталған 34 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді ОВ 156/2 басшысы Еркін Кабин.
Айта кетейік, жыл басынан бері 156/2 мекемесі колония аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге бағытталған 16 әрекеттің жолы кесілген.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру