Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мас жүргізуші полицейлердің заңды талабына қарсы келіп, ескертулерін елемеген

ШҚО-да мас жүргізуші полицейлердің заңды талабына қарсы келіп, ескертулерін елемеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусымда сағат 19:28 шамасында Риддер қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері Mazda 626 автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі жол таңбасының үздіксіз жолағын кесіп өтіп, басып озу маневрін жасау арқылы жол жүру ережесін бұзған.

Аталған көлік құралын тоқтатқан кезде салоннан масаң күйде болған жолаушы шыққан. Ер адам агрессия көрсетіп, әдепсіз сөз сөйлеп, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсы келіп, мойынсұнбаған, тәртіп сақшыларының заңды талаптарды сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбай және автокөлігіне отыруды сұраған ескертулерін елемеген, содан кейін азаматтың одан әрі заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін полиция қызметкерлері арнайы құрал қолданды.

Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіліне немесе оның талабына бағынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Риддер қаласының прокуратурасына ұсынылған портативті бейне тіркегіштегі материалдар зерделеніп, олардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер анықталмады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның талабына бағынбаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру