ШҚО-да мас жүргізуші ұсталды
ШҚО-да есірткіге масайған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 қазанында полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Аягөз ауданы көшелерінің бірінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota автокөлігін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары құжаттарды тексеру кезінде, жүргізушіден спецификалық иісті байқаған. Мұны байқаған полицейлер азаматты көлік басқарудан шеттете отырып, масаңдық күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге баруды ұсынған.
Нәтижесінде нарколог-дәрігер жүргізуші каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды.
Бір жыл бұрын көлік құралының жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.