Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Түркістан облысында полиция екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан алты адам көз жұмған жол-көлік оқиғасын тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазан күні сағат 19:14 шамасында Шардара аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі 102 пультіне жол апаты туралы хабарлама келіп түсті .Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер облыстық маңызы бар Жетісай-Шардара автожолының 172-шақырымында “Opel Vectra” автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, “Audi-100” автокөлігімен соқтығысқанын анықтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен төрт жолаушы көз жұмды, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Алты жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша Шардара аудандық ПБ СДТБТ-не тіркелді.

Тергеумен Түркістан облысы ПД анықтаушылары айналысуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталатын болады. Осы тұста ескерте кететін жайт, жедел-тергеу тобы оқиға орнын мұқият зерделеу кезінде, аталмыш автожолда қандай да бір заң бұзушылықтар жоқ екенін анықтады. Яғни, жол қозғалысына қатысушылар үшін жақсы көрінетін, жүргізушілерді ескертетін жол белгілері орнатылған.

Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды! Құрметті жүргізушілер: жолда жүргенде жылдамдықты асырмаңыздар, қарама-қарсы бағытқа шықпаңыздар! Жол ережесіне мұқият болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру