Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мотоцикл жүргізушісі электр бағанасына соғылды

ШҚО-да мотоцикл жүргізушісі электр бағанасына соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекте сағат 15:35 шамасында Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің Полевая көшесінде Honda мотоциклінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, электр беру желісінің бетон тірегіне соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 33 жастағы жүргізушісі алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру