ШҚО-да оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуге әрекеттенген ер адам құрықталды
ШҚО-да оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуге әрекеттенген ер адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Шемонаиха ауданы ББ кезекші бөліміне «Убе-Авто» БП кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Кезекші облыс орталығының 35 жастағы тұрғынынан шекаралық бақылаудан өту кезінде Nissan автокөлігінің қалтасынан екі патрон табылғанын және тәркіленгенін, олар сараптама қорытындысына сәйкес оқ атуға жарамды 5,6 мм калибрлі шолақ мылтыққа арналған патрондар болып табылғанын хабарлаған.
Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, онда жауап алу барысында ол оқ-дәрілерді шілде айының соңында Катонқарағай ауылының тауларынан тауып алғанын айтқан.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы сайланды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.