Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер Иорданияда өткен Азия чемпионатында жүлделі орындар алды

Астаналық полицейлер Иорданияда өткен Азия чемпионатында күміс пен қоланы жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Иордания астанасы Амман қаласында 31 қазан мен 13 қараша аралығында болған бокстан Азия чемпионатының финалы аяқталды. Қазақстан Республикасының құрама командасы медальдық есепте бірінші жалпы командалық орынға ие болды.

Бұл жетістікке осы чемпионатта 6 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған динамикалық спортшылар айтарлықтай үлес қосты. Астана қаласы Полиция департаментінің “Байқоңыр” ауданы ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Ләззат Күнгейбаева 81 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.

– Бұл жарыс жоғары бәсекелестікпен ерекшеленді. Азия чемпионатында көптеген мықты спортшы өнер көрсетті, – деп атап өтті Ләззат.

Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының бес дүркін финалисті және 2016 жылғы 81 келіден астам салмақ дәрежесінде әлем чемпионы. Спортшы өзінің алғашқы алтынын 2010 жылы Қазақстан чемпионатында алған.

12 қарашада Иорданияда ерлер арасында бокстан соңғы жекпе-жек өтті. Елордалық департамент қызметкері Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің финалына шығып, 92 келіден астам салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті, оған мықты боксшылары бар елдердің өкілдері қатысты. Бірінші жекпе-жекте мен Кореядан келген боксшыны 5-0 есебімен жеңдім. Екінші жекпе-жек Тәжікстан өкілімен болды, онда мен төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жеттім. Финалда Өзбекстаннан келген қарсыласыммен бокс алаңында кездесіп, одан 5:0 есебімен жеңіліп қалдым, – дейді Қамшыбек.

Спортшының қоржынында бұл Азия чемпионатындағы төртінші күміс. Қамшыбек Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019) және Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру