Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да Өзбекстанның 10 азаматы заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған

Шығыс Қазақстан облысында Өзбекстанның 10 азаматы заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруының заңдылығын тексеруді тұрақты түрде жүргізеді.

Сонымен, Семей қ. рейдтік шараларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматында жұмыс істеуге рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Өзбекстанның 10 азаматы анықталды.

​Осы факт бойынша шетелдіктер сотпен ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы 5-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру