Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өзге өңірден келген қойып кетуші ұсталды

ШҚО-да өзге өңірден келген қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының басында “Қарасора” және “Рефлекс” жедел – профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Өскемен қаласының Меновное кентінде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі затын қойып кетуші ұсталды.

Тергеу барысында 24 жастағы ер адамның жеңіл пайда табу мақсатында, Байқоңыр қаласынан Өскеменге келгені анықталды.  Ұсталған азамат жалдамалы пәтерде тұрған, ал клиенттерге есірткіні қойып кеткен орны туралы интернет-ресурстардың көмегімен хабарлап отырған. Сараптама тәркіленген зат “жылдамдық” деп аталатын “А-пирровалеронфенон” психотропты құралы екені анықталды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Күдіктіден ұнтақ және түйіршік түріндегі түрлі-түсті изолентамен оралған барлығы 316 полимерлік пакет алынды. Алынған есірткінің жалпы салмағы 136 грамнан асты.  Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі-есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру