Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицей зейнеткер полиция қызметкері, ата-анасын мерекемен құттықтады

ШҚО-да полицей зейнеткер полиция қызметкері ата-анасын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ОВ-156/16 мекемесінің қызметкері өзінің 25 жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен ата-анасын Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

– Әке-ана сен қиналған сәтте арқа сүйер, қуанған күнде қуанышыңа күлер, сенің табаныңа қадалған тікен маңдайыма қадалса екен дейтін қорғаның, ең асыл жандар. Ата-анаға құрмет – ол баршаға міндет. Мен өз ата-анамды барлық жағынан үлгі тұтамын. Отан алдындағы өздерінің міндеттерін антпен қабылдап, оны мүлтіксіз атқара отырып, біздерді, ұл-қыздарын оқытып, тәрбиелей білді. Олар мені тұрақтылыққа, табандылыққа тәрбиелеп, мен қазір осы тәрбие жемісін көрудемін. Отбасындағы жандар сенің жұмысыңды жақсы білгені, өзара түсіністікке де ықпал етеді, – мекеме қызметкері Бекзат Манапов.

– Бекзаттың ата-анасын мен жақсы танимын. Әкесімен тіпті бір қызметте болу бақыты маған бұйырыпты. Бұл жанұядағы полиция қызметкерлері қазіргі ұрпаққа үлгі етіп көрсетуге лайықты жандар. Әкесі түзеу мекемесінде тәртіп бөлім бастығы лауазымынан майор шенінде зейнеткерлікке шықса, анасы прапорщик шенінде қарауыл бастығы қызметінен демалысқа шыққан. Бала әрине үйінде көрген тәрбиесін көрсетеді. Бекзат өте ұқыпты, берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын, сотталғандармен қарым-қатынаста білгірлік таныта білетін қызметкер. Еліміздің болашағы үшін адал қызмет ететін, саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған Смагуловтар әулеті бүгін мәуелі бейтерек тектес, бәрімізге үлгі, – дейді мекеме бастығының орынбасары Дархан Бигазиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру