Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицияның сервистік моделін енгізу бойынша топтың жұмыс кездесуі өтті

ШҚО ПД-да полицияның сервистік моделін енгізу бойынша топтың жұмыс кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков, жұмыс тобының жетекшісі Гүлжан Оразаева, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар полицияның сервистік моделін енгізу бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларды талқылады.

Жалпы, мобильді топтың сканерлеу, (проблемаларды анықтау және оларға басымдық беру), талдау (проблемаларды зерттеу), ассессмент (әрекет ету шараларының тиімділігін бағалау) және жауап беру (проблемаларды жою бойынша шешімдерді имплементациялау) сынды жұмыстары С.А. Р. А. әдістемесі бойынша жүргізілді.

Негізгі талаптар – жергілікті қоғамдастықтың қажеттіліктеріне бағытталған құқық бұзушылықтың алдын алу.

2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, полиция және прокуратура органдарымен бірлесе отырып 24 жұмыс кеңесі – дөңгелек үстелдер, семинарлар, коучингтер, флэшмобтар мен акциялар өткізілді.

Кездесу барысында проблемалық мәселелер талқыланып, оларды қарау нәтижелері бойынша өңірде полицияның сервистік моделін одан әрі табысты енгізуге бағытталған бірлескен іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру