Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Өскемен тұрғынына несие ресімдемек болған күдіктіні құрықтады

Полицейлер Өскемен тұрғынына несие ресімдемек болған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар оның телефонына қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, оған SIM картасының мерзімі аяқталғанын және ол бұғатталатынын хабарлаған.

Оған сеніп қалған тұрғын қоңырау шалған адамға нөмірді жаңарту үшін жіберілген кодты айтқан. Соңынан телефонға жалған EGOV өкілінен оның атына несие ресімделіп жатқаны туралы қоңырау келіп түскен. Әрі қарай ол нұсқаулар бере бастаған. Алдымен жәбірленушіден осы несиені алу үшін банкке баруын сұраған. Тек осылай ғана қаскөйдің әрекетін тоқтатуға болады деп сендірген.

Кейіннен барлық соманы қауіпсіз шотқа аудару қажет болатынын, оның деректерін артынан телефон арқылы айтамыз деген. Ер адам несие ресімдеп, қолма-қол ақшаны алғаннан кейін алаяқтармен байланысқа шыққан, олар оған әрі қарай не істеу керегін айтқан. Барлық қолма-қол ақшаны алаяқтардың шотына аудару үшін басқа банкке баруы тиіс болған.

Алайда алаяқтардың жоспарын полиция қызметкерлері бұзған. Абырой болғанда осы уақытта банк филиалында Өскемен қаласының жедел уәкілі полиция капитаны Нұртас Болатов болған. Ол қаскөйлердің телефон арқылы сөйлесу барысындағы күдікті әңгімесін естіген.

Ер адам полицейге күдікті қоңыраулар түскенін, бірақ алаңдаулы күйде сымның екінші жағындағы адамдардың барлық талаптарын орындауға дайын болғаны туралы айтқан. Полиция қызметкері азаматқа ықтимал алаяқтық әрекеттер туралы түсіндіріп, осындай жағдайларда орындау қажет нұсқама берді.

Осылайша тәртіп сақшысы алаяқтың арам жоспарын аяғына дейін жеткізуіне мүмкіндік бермеді.

ШҚО полицейлері барлық азаматтарды қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру