ШҚО-да есептегі кәмелетке толмаған сотталғандарға «Мұражайға саяхат» науқаны өтті
ШҚО-да пробация қызметкерлері есептегі кәмелетке толмаған сотталғандарға «Мұражайға саяхат» науқанын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмаған сотталғандарға мұндай іс-шаралардың өткізілуінің өзіндік себептері де бар.
– Бүгінде пробация қызметінің есебінде ересектер ғана емес, сондай-ақ қылмыс жасап, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған кәмелет жасқа толмаған балалар да тұр. Осы балалардың осы сынақтан өтіп, алдағы өмірлеріне бағыт-бағдар беріп, қайталама қылмыстардың алдын алуда іс-шаралар ұйымдастыруға тырысудамыз. Мұражай күніне орай кәмелетке толмаған сотталғандарды мұражайға апарып, ондағы көне заттарды тамашаладық,- деді Тарбағатай аудандық пробация қызметінің бастығы Эльвира Калымбекова. – Есептегі сотталғандардың мұндай іс-шараларға жиі қатысуы, қоғамда өз пікірлерін білдіріп, еріктілермен бірге қоғамға пайдасын келтіруі, олардың осы өмірдегі өз орнын табуға септігін тигізеді.