ШҚО-да пробация қызметкерлері ұрлық үшін сотталған жалғызбасты анаға көмектесті
ШҚО-да пробация қызметкерлері ұрлық үшін сотталған жалғызбасты анаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Өскемен қаласы Солжағалау аудындық пробация қызметкерлері бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдарға пробациялық бақылау жүргізеді.
Қызметкерлердің міндетіне тек аталған тұлғаларды бақылау ғана емес, олардың қоғамда әрі қарай әлеуметтуіне көмек көрсету де кіреді. Тіркеуде тұрған азаматтардың басым бөлігінің мүмкіндітері шектеулі, олардың ішінде жалғызбасты және көпбалалы аналар да бар.
Осылайша, пробация қызметкерлері қаланың орталық мешітімен бірлесіп 38 жастағы жалғызбасты ананы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіп, жәрдем көрсетті.
Тіркеуде тұрған әйел ұрлық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығын айырылған болатын.
– Сотталған азаматша қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қызын тәрбиелеп отыр. Қалыптасқан жағдайларға байланысты ол жолдасымен ажырасып, жалғыз қалды. Есепке қою барысында пробация қызметкерлерімен жеке бағдарлама құрылып, онда бірінші кезекте шешімін табуға бағытталған негізгі сұрақтар түртілген болатын. Осы уақытқа дейін дәл осы азаматшаға балаларын мектепке дайындау барысында кеңсе тауарлары беріліп, қоғамдық көліктерде пайдаланатын жол жүру билеті және тағы да басқа әлеуметтік көмектер көрсетілген, – деп атап өтті Солжағалау аудындық пробация қызметінің психологы Мөлдір Дидарқызы.