ШҚО-да қатаң тәртіптегі түрмеде сотталған құлпынай өсіруде
Шығыс Қазақстан облысының түрме аумағында сотталған құлпынай өсіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталған Евгений Зудин ШҚО бойынша ҚАЖД ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде адам өлтіргені үшін бес жылдан бері жазасын өтеп келеді. Ол 13 жылға сотталған.
Қыста сотталған мекеменің жылыжайында «Калл» атты гүлін өсірген, осы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар әйелдеріне, аналары мен қалыңдықтарына гүл сыйлады.
Сондай-ақ сотталғандар биылғы жылы 8 наурызға колонияның әкімшілігі арқылы әйелдер колониясына гүл жолдап, жазасын өтеп жатқан әйелдерге ұмытылмас сыйлық жасаған еді.
Евгений гүлдерді өсірумен жазасын өтей отырып қыс мезгілінде жылыжайда гүл өсірумен, ал жазда құлпынай өсірумен айналысады.
– Қазір құлпынайдың маусымы. Құлпынайдың бұл түрі «Лорд» деп аталады, оның ерекшелігі-маусымның соңынан шілденің соңына дейін ұзақ жеміс береді. Мен бақшаға қарауды қатты ұнатамын, ал босатылғаннан кейін өз үйімнің бақшасын қарап жеміс-жидек, құлпынай, гүл өсірсем деп армандаймын, – дейді сотталған.
Колония күніне 1-2 келі құлпынай жинап, жергілікті асүйге жіберіледі.