Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 397 немістің көзін жойған сұр мергенді еске алды

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 397 немістің көзін жойған сұр мергенді еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеуғали Әбдібеков 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Бала кезінен әкесі мергендікке үйреткен екен. Әкесімен бірге аң аулауға шығып, оқ атудың қыр сырын жақсы меңгерген бозбала кейіннен қызыл әскер қатарына әскерге шақырылып, өз борышын өтегеннен кейін отанына оралған.

Кейіннен Ұлы Отан соғысына аттанған Төлеуғали Әбдібеков ерлік көрсетіп, екі жыл мұғдарында 397 немістің көзін жойған. Сұр мерген өз батальонындағы жауынгерлерді де мергендікке үйреткен.

– Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, 397 немістің көзін жойған сұр мерген Төлеуғали Әбдібековті қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері бір минуттық үнсіздікпен еске алып, жас қызметкерлерге батырдың ерлігі туралы баяндалды. Ер есімі, ел есінде. Бүгінгі жастарымыз сұрапыл соғыс батырларын білуі қажет. Батыр рухына мәңгілік тағзым. Бүгінде Жарма ауданында ескерткіші бар. Батырдың №2916 нөмірлі снайпер винтовкасы Алматыдағы мемлекеттік музейде сақтаулы, – деді департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.


Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 77 жылы қарсаңында Өскемен қаласының мекеме қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері саны азайып келе жатқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру