ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері марапатталды
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері марапатталып, оларға арнайы шендер берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде карантиннің барлық санитарлық нормаларын сақтай отырып, осы мерекеге орай бірқатар іс-шаралар өтті.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің басшылығы ұжымды осы айтулы күнмен құттықтады, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне қосқан ерекше үлесі үшін мекеме бастығының бұйрығымен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. Оларға арнайы шендер берілді. Сонымен қатар, COVID-19 бойынша карантинге байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, жас қызметкерлердің ата-аналарын басшылықпен кездесуге шақыру мүмкін болмады және ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің атынан алғыс хаттар жас қызметкерлердің ата-аналарына жіберілді. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің жасақ бастығы Досжан Әділдабековтың, кадр саясатының инспекторы Зарина Жұмабаеваның, сотталғандарды жұмысқа орналастыру бөлімінің аға инспекторы Зульфира Кусаинованың ата-аналары алғыс хатқа ие болды.
Мекеме бастығы М.Сейтахметовтың айтуынша:
– Отбасы – жас ұрпақты, Отанымыздың болашақ патриоттарын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ қызметкерлердің ата-аналарын қолдау – ІІО-ның адал және тәртіпті қызметкерлеріне тәлім беруде үлкен көмек.
Әр жолы мекеме қызметкерлері қиын материалдық жағдайға тап болған әріптестері мен азаматтарға көмек көрсетеді. Мереке қарсаңында ұжым «Біз біргеміз» акциясы аясында қызының ауруына байланысты қымбат дәрі-дәрмек сатып алу үшін мекеме қызметкері О.Қылышпаевқа ақшалай қаражат түрінде қажетті материалдық көмек көрсетті. Өйткені, көмек пен қолдау біртұтас ұжымның негізі болып табылады.