ШҚО-да сотталған адамның әйелі іш киіміне ақша тығып, мекемеге кіргізбек болды
ШҚО-да сотталғанның әйелі іш киіміне ақша тығып, мекемеге өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушының заңды әйелі күйеуімен ұзақ мерзімді кездесуге басқа қаладан келген.
Мекемеге кіру барысында қызметкерлер тінту жүргізу кезінде әйелдің іш киімінен ақша тәркіленген.
– Ақшаны алып өтуі үшін сотталғанның әйелі күйеуін қамауға алынғаннан бері көрмеген. Енді осы жолғы кездесу мүмкіндігінен бұзушылық жасағаны үшін айырылды. Ол қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес мекемеден дереу шығарылды. Сондай ақ, оған хаттама толтырылды, енді оны үлкен айыппұл күтіп тұр, – деді мекеме бастығының орынбасары Гариб Шайхов.