ШҚО-да сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының тарихымен танысты
ШҚО-да сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының тарихымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында елеулі із қалдырған Семей ядролық полигонының жабылған күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/21 мекемесінде де назардан тыс қалмады.
Осыған орай әйелдер колониясының кітапханасында мекеме қызметкерлері Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін еске алуға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында сотталған әйелдер Семей ядролық полигонының құрылу және ашылу тарихымен танысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара 29 тамызда ерекше күн қарсаңында өткізіліп отыр, себебі осы шара сотталған адамдар арасында патриоттық тәрбие қалыптастыруға және Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 31 жыл толады.
Сонымен қатар, сотталғандар ақпараттық-таныстыру стендін ұсынды, өйткені сотталған әйелдер арасында полигон туралы алғаш рет біліп, оның тарихын қызығушылықпен білген өскелең ұрпақ өкілдері де болды. Сол кездерде өткен қайғылы оқиғаларға сотталған әйелдердің көздері жеткендігі туралы мөлдіреген көздеріннен ақ байқалды.
– 29 тамыз – біз үшін тарихтағы бір күн ғана емес, бұл ядролық сынақтардың ауыр зардаптарын еске түсіру күні, – деп түйіндеді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ОВ-156/21 мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анара Сабиева.