Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақмолалықтың атына онлайн несие рәсімдеп алған

Ақмола облысында жұмыссыз азамат “достық әңгіме” үстінде 21 жастағы жүк тиеушіге онлайн несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамызда Ақкөл АПБ-ға 21 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті, ол оның атына “money МНҰ” микрокредиттік ұйымында онлайн несие рәсімделгенін хабарлады. Шығын сомасы 54 мың теңгені құрады.

“Интернет алаяқтық және алдын алу” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен учаскелік инспектор күдіктіні анықтады, ол уақытша жұмыс істемейтін Ақкөл қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша, диалог барысында күдікті өтініш берушінің телефоны мен жеке куәлігінің скринін пайдаланып, фото және бейнетіркеуін жасап, оның атына онлайн несие рәсімдеген.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру