ШҚО-да сотталған азамат музыкалық макет жасады
Тәуелсіздік күніне орай сотталған азамат, Тәуелсіздік құрдасы Ақ Орда мен Бәйтеректің музыкалық макетін жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік күніне орай мекемеде сотталғандарға мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.
Ерсұлтан 1991 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданында дүниеге келген, ұрлық және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір ол өз жаза мерзімін темір тордың ар жағында өтеп жатыр. Ол қолөнермен айналысады, оны қолөнер шебері деп те атауға болады. Ол өз композициясын Тәуелсіздік күніне арнады, осы күнге орай ол біздің астанамыздың барлық әдемі ғимараттары мен Президенттің Резиденциясын, Ақ Орданы басқа сотталғандарға көрсеткісі келді.
Сотталушының айтуынша, қазір онымен бірге жүрген сотталғандар арасында Бәйтерек пен Ақорданы да білмейтін сотталғандар аз емес.
– Бұл макетті жасау маған қиын болған жоқ, өйткені мен қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келдім және осы композицияны қаламыздың барлық сұлулығын көрсету үшін жасағым келді, –дейді Ерсұлтан. – Мен бір апта ішінде макетті жасап бітірдім, макет –пластикалық парақ тәрізді материалдан жасалды, макет түрлі-түсті шамдармен жабдықталған, сондай-ақ жарық қосылған кезде ҚР Әнұраны ойнайды, – дейді сотталған.
Ерсұлтан Қазақстанның құрдасы екенін мақтан тұтады. Сотталушы өзінің мерекелік макетін ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесі мұражайының бұрышына тапсырды.
Сондай-ақ, осы мереке күні ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға Тәуелсіздік күні мерекесіне орай асханада арнайы ас мәзірі дайындалды: оған сорпа, палау, көкөністерден жасалған витаминді салат, қатырма нан, компот және кисель кірді. Мереке күні санитарлық нормаларды сақтай отырып, бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жасақ бойынша сотталғандар арасында дойбы, шахмат және викториналар сияқты ойындар,сондай-ақ Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газеттері бойынша конкурс өтті.
12 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған А. Зимин «Бірлік» деп аталатын өлең жазып, оқып, таныстырды.Сотталушылар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Т.Сағнайдың айтуынша, карантинге байланысты жасақтар арасында барлық жоспарлы мәдени іс-шараларды ауқымды түрде өтпеді, бірақ санитарлық нормаларды сақтай отырып, аз мөлшерде сотталғандармен өз жасақтарында өтті. Сондай-ақ барлық қатысқан сотталғандар мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.