ШҚО-да сотталған азаматтардың 70 пайызы еңбекпен қамтылған
Шығыс Қазақстан облысында істі болғандарды еңбекке баулу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды қайта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ОВ 156/2 мекемесінің де негізгі міндеттерінің бірі-бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды түзелу жолына түсіру, қайта тәрбиелеу. Сотталғандардың қоғамға, мемлекетке, заңға, ережелерге және қоғам өміріне түсіністікпен қарауына, сол сияқты қайта қылмыс жасамауға тәрбиелеу. Бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды қайта тәрбиелеуде еңбекпен түзу тәрбиесінің маңызы өте зор. Адам адал еңбекпен түбегейлі айналысса, еңбек тәрбиесі арқылы жаны мен тәнін, санасын тазартатыны бүгінде дәлелдеген заңдылық. Еңбек өмірдің ағымы мен адамзаттың өсіп өркендеуі болып табылады. Еңбек тәрбиесі- өмір кілті, бақыттың тұтқасы.Еңбек адамның өзін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Еңбектің арқасында адам өзін өзі шыңдайды, сол арқылы қоғамдық нормалар мен байлықтарды әлеуметтендіреді. Сотталғандардың еңбекке араласуы барысында олардың агрессивті мінезді ешкімге көрсетуге мүмкіндігі жоқ сондай-ақ, жазаны өтеуде белгіленген ішкі тәртіп ережелерін бұзуға мүмкіндігі болмайды. Бүгінгі күнде ОВ 156/2 мекемесіндегі сотталған азаматтардың 70 пайызы еңбекпен қамтылған. Сотталған азаматтарды пайдалы жұмыспен, ақылы еңбекпен қамту мәселелері күнделікті басты назарда.