Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бос орындар жәрмеңкесінде істі болған азаматтарға 176 жұмыс түрі ұсынылды

Қызылордада “Бос жұмыс орындары жәрмекесі” өтіп, пробация қызметінде тұрған 8 азамат жұмысқа орналасты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.

Әлеуметтік – құқықтық көмектің  бірі-есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, Қызылорда облысы ҚАЖД пробация қызметі, Қызылорда қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып жұмыспен қамту үшін  «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация қызметінің  есебінде тұрған 35  азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.  Жәрмеңкеге  30-дан астам жұмыс беруші мекемелерден  176  бос жұмыс орындары ұсынылды. Әсіресе жүргізуші, сантехник, тәрбиеші, электрик,есепші, аспазшы мамандықтарына сұраныстар болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған  8 азамат «Сибу- Қызылорда» ЖШС, «Қызылорда су жүйесі» МКМ, «УАД» ЖШС,  ЖК «Сералиев» мекемелеріне  бос жұмыс орнына  жолдама алды. Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру