Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз қасқыр ату дерегі анықталды

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Браконьер» атты алдын-алу шаралары кезінде WhatsApp мессенджерін бақылау барысында Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданда қасқырларды заңсыз аулау дерегін анықтады.

Осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 373-бабы 3-бөлігі (Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер жүргізген шаралардың нәтижесінде 27-35 жас аралығындағы үш күдікті анықталып, айғақты заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру