ШҚО-да тапанша сақтаған тұрғын 2 жылға сотталуы мүмкін
ШҚО полицейлері 26 жастағы тұрғыннан тапанша тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-не 26 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз тапаншасы бар екендігі және оны өзімен бірге ұстайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерекке дереу әрекет еткен тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар барысында күдіктінің танысынан тыйым салынған затты және екі оқ-дәрі тәркіледі.
Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат атыс қаруы болып табылды. Атап айтқанда ол 10 мм калибрлі травматикалық оқ-дәрі, 9 мм калибрлі газ және шуыл оқ-дәрілерімен ату үшін жарамды 10*22 мм калибрлі «Grand Power» газ-травматикалық тапаншасы екен.
– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.