Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол апатынан велосипедші қаза тапты

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21шілдеде 29 жастағы жергілікті тұрғын Opel Omega автокөлігімен 48 жастағы велосипедші ер адамды қағып кетті, ол көлік құралының қозғалысы кезінде жолдың оң жағынан сол жағына өтіп кеткен. Соқтығысу нәтижесінде ер адам дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ, өкінішке орай, жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың алты айында велосипедшілердің қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың төртеуі оқиға салдарынан қайтыс болды. Көп жағдайларда велосипедшілер жол қозғалыс ережелерін бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру