Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер екі апта бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді

Теміртаулық полицейлер екі апта бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйел белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында қараусыз қалған скутерді ұрлап кеткенін түсіндірді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екі аптадан кейін, 21 шілдеде криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, скутер тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру