Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 80-ге жуық карантин талабын сақтамау жайтын анықтады

Түркістандық полицейлер екі күнде 70-тен астам құқық бұзушылық пен 80-ге жуық карантин талабын сақтамау жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында орналасқан “Керуен сарай” мәдени-рухани орталығының аумағында қоғамдық тәртіпті және карантин талаптарын сақтау, заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 20-21 күндері аралығында Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен рейдтік іс-шара өткізілді.

Аталған рейдтік іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына қала аумағында карантиндік шараларды қатаң сақтауы мен белгіленбеген орындарда сауда-саттықпен айналыспаулары, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қатаң сақтап, мәдени орталықтарда орналасқан субұрқақтарға шолмылмаулары жөнінде ескертулер жасалынды.

Аталған ескертулерге қарамастан белгіленбеген орындарда саудамен айналысқандары үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша 33 адамға хаттама толтырылды. Ал карантиндік талаптарды сақтамағандары үшін ҚР ӘҚБтКнің 425-бабы бойынша 78 адамға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдану үшін СЭББ-ға жолданды.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлаушылық көріністе мас күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлімімен 12 адамға, мәдени орталықтар мен саябақтарға көрік беріп тұрған субұрқақтарға шомылғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен сегіз адамға және жасыл желектерді басып, бүлдіргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен 18 азаматқа хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру