Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережесін 44 рет бұзған шығысқазақстандық анықталды

ШҚО-да 44 құқық бұзушылық бойынша 700 мың теңгеден астам өтелмеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында, облыс аумағында ағымдағы жылдың 21-23 шілде аралығында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдермен бірлесіп “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында облыс аумағында борышкерлер мен Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзушылар анықталуда.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні алты миллион теңгеден астам қаражат өндірілді.  Әкімшілік айыппұлдарды орындамағаны үшін 30 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Мысалы, 44 құқық бұзушылық бойынша 700 мың теңгеден астам өтелмеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының талаптарына сәйкес азаматтар жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге құқылы. Осы құқық пайдаланылмаған жағдайда, айыппұлдың толық сомасын ерікті түрде отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар. Ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін, айыппұл сомасын мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларға немесе құқық бұзушының жұмыс орны бойынша жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру