ШҚО-да түрме аумағына екі ер адам есірткі мен ақша лақтырмақ болды
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме қоршауына есірткі мен ақша лақтырмақ болған фактісі орын алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел және тәртіп бөлімінің қызметкерлері 5511 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерімен бірге сыртқы шектеулі аймаққа жасырын патрульдеу кезінде екі ер адам ұсталды. Тексеру барысында скотчпен оралған түйін алынды. Түйін ішінен 34 500 теңге көлемінде қаражат пен өткір иісі бар өсімдік тектес зат табылды.
Күдіктілерді анықтау барысында Семей қаласының тұрғындары екені белгілі болды, олар тыйым салынған затты мекеменің негізгі қоршауынан лақтырмақ болғанын мойындады.
Бұл факті бойынша Семей қаласының ІІБ тергеу-жедел тобы шақырылып, тыйым салынған заттарды алу кесімі жасалды. Бұл пакет сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
– Жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық ҚР Әкімшілік кодексінің 481-бабы бойынша қарастырылған, егер сот-медициналық сараптама расталса, құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – деді мекеме бастығы Роллан Жұмажанов.