ШҚО-да жанжал кезінде әйел күйеуін пышақпен жарақаттады
Шығыс Қазақстан облысында жанжал кезінде әйел күйеуін пышақпен жарақаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Алтай ауданының ауруханасына қаланың 35 жастағы тұрғыны «сол жақтағы көкірек қуысының сұғылып кесілген жарақаты» диагнозымен жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, сол күні кешкі уақытта жәбірленуші әйелімен бірге қонақта болған, онда спирттік ішімдіктерді ішу барысында туындаған жанжалға байланысты әйел адам күйеуіне пышақ жарақатын салған.
Аталған 25 жастағы әйелді тәртіп сақшылары «ізін суытпай» ұстады.
– Күдікті жауап алу барысында өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.