Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жазасын өтеушілер өздері дайындаған ұлттық аспапты музейге тапсырды

ШҚО-да жазасын өтеушілер Тәуелсіздік күніне арнап домбыра жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 және ОВ 156/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Тәуелсіздік құрдастары ұлттық домбыра мен астау жасады.

Жазасын өтеп жатқан сотталғандар мерейтойға арнап жасаған бұйымдарына «Тәуелсіздікке 30 жыл» деп жазған.

ОВ 156/20 мекемесінің сотталғаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған ұлттық бұйымдарын жергілікті музейге сыйға тартты, ал ОВ 156/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Болат (аты өзгертілген) өз қолымен жасаған қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны мекемеде сабақ берген өзінің алғашқы ұстазы Ақтау Бексолтановқа сыйға тартты. Сотталған мекемеге келген кезде мектепті аяқтамаған. Сондықтан ол мекеменің кешкі мектебіне 8-сыныптан бастап оқуға қабылданып, мектепті аяқтауға мүмкіндік алған. Сабақ берген алғашқы мұғаліміне Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап, алғашқы ұстазына ерекше қолөнер – домбыраны жасап, тарту етті.

– Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, астау – ұлттық ыдыс. Сондықтан Тәуелсіздік күніне орай ағаш бұйымдарын жасауды жөн көрдік, – дейді сотталушылар.

– ШҚО колонияларындағы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап іс-шаралар өткізуде. Олар мерекеге арнап қабырға газеттерін, спорттық іс-шараларды, түрлі макеттерді жасап, викторина, тенис және ерекше домбыралар жасауда, – деді облыстық департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Ожиканова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру